Home Әлеумет 19 адам сібір жарасын жұқтырған: Ақмола облысында екі ауыл карантинге жабылды
Әлеумет

19 адам сібір жарасын жұқтырған: Ақмола облысында екі ауыл карантинге жабылды

Фото: freepik.com

Ақмола облысы Атбасар ауданындағы екі ауыл сібір жарасы тіркелуіне байланысты карантинге жабылды. Ақпаратты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің мәлімдеуінше, сібір жарасы тіркелген ауылдарда алдымен шектеу шаралары енгізілген. Бұл ауылдарда 19 адамда сібір жарасы анықталған, бір адамның жағдайы ауыр.

«Ол жерде мал, адам жүрмеуі керек. Біз аумақты қоршап, шлагбаум орнаттық. Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ дезинфекция, өңдеу, жоюдан бастап өз жұмысын атқарды. Зертханадан сараптамалар нәтижесін алған бойда 1 шілдеден бастап бірден карантин енгіздік. 19 адам жұқтырған, оның біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа.
Олар бақылауда, барлығы сауығып келеді. Дәрігерлер қарап жатыр, денсаулық сақтау министрлігі оларды қадағалап отыр», – деді Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, ауылдардағы карантин 15 күнге созылады. Сонан соң қайта тексеру жүргізіледі. Сібір жарасы анықталмаса, карантин шаралары алынып тасталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version