Ақтөбедегі жекеменшік клиникалардың бірінде жұмыс істейтін 39 жастағы дәрігер интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап «Тілші» хабарлайды.
Әйел әлеуметтік желіден инвестиция арқылы ақша көбейтуге болатын жарнаманы көріп, қызығушылық танытқан.
Менеджермен хат алмасу кезінде оған жоғары табыс пен салымның қауіпсіздігіне кепілдік берілген. Дәрігер сеніп қалып, 20 күн ішінде бірнеше банктен несие рәсімдеп, жеке жинақтарын қосып, барлығы 14 миллион теңгеден астам ақшаны алаяқтарға аударып жіберген.
«Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қырағы болыңыздар, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер. Ақшаңызды инвестицияламас бұрын компанияның сенімділігіне көз жеткізіп, мамандардан кеңес алыңыздар», – полиция өкілдері деп тағы да ескертеді.