Aqtobe Day

Хромтаулық би ансамблі Әзербайжандағы халықаралық байқауда бірінші орынды жеңіп алды

Жақында Әзербайжан астанасы Баку қаласында «Khazar Folk-2025» халықаралық фестиваль-байқауы өткен болатын. Бұл шарада Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Украина, Литва, Молдова және Әзербайжаннан үш мыңнан астам өнерпаз бақ сынады. Байқауда Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының Кеншілер мәдениет үйінің тәрбиеленушілері, «Алтын дән» халықтық би ансамблі өнер көрсетіп, 1-орынды иеленді.

Ансамбльдің 4 пен 12 жас аралығындағы 30 шақты талантты қыздары теңіз асып, Ақтөбенің намысын қорғады. «Алтын дән» ансамблінің жоғарғы тобы қазақ және өзбек билерін билеп, кіші топтың үш сыныбы ковбой және якут билерін орындап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңіс жалауын желбіреткен «Алтын дән» ансамблі мұнымен тоқтамай, Бішкек қаласында өтетін келесі байқауға жол тартты. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Кеншілер мәдениет үйінің хореографы Гүлсім Тубатаева.

Хромтаудың таланттары алдағы байқауларда да өз өнерлерімен ел намысын қорғауға дайын.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *