Isker Tilshi

Вячеслав Ким Alatau City Bank-ті толығымен сатып алды

Фото: Ulysmedia

Қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Ким Alatau City Bank-тің толық иесі атанды, деп хабарлайды Tilshinews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Банктің сатылуы туралы не белгілі?

Alatau City Bank (бұрынғы First Heartland Jusan Bank) барлық акцияларын бұрынғы иесі Ғалымжан Есеновтен Вячеслав Ким сатып алды.

Есенов не дейді?

– 2023 жылдың ортасынан бері Jusan Bank-тің тиімділігін арттыруға, бизнес-процестерді жетілдіруге, өнім желісін жаңартуға және активтер сапасын жақсартуға үлкен күш жұмсадық. Осы кезеңде банктің тұрақты дамуы мен технологиялық жаңаруына басымдық бердік. Енді Вячеслав Кимнің келуімен Alatau City Bank бұл оң өзгерістерді жалғастырып, Қазақстандағы жетекші банктердің бірі болады деп сенемін, – деді Ғалымжан Есенов.

Ким не айтты?

– Alatau City Bank-ті сатып алу – мен үшін өте маңызды шешім. Осы банктің базасында қазақстандық нарыққа мүлде жаңа қаржы институтын құруды жоспарлап отырмын. Соңғы екі жылда атқарылған тамаша жұмыс үшін банк басшылығына алғыс айтамын. Барлық жақсы тәжірибелерді сақтап, технологиялық дамуға ерекше мән берсек, үлкен жетістікке жетеміз деп сенемін, – деді Вячеслав Ким.

Контекст:

Бұған дейін Вячеслав Ким Jusan Bank-тің 97,5% акциясын сатып алуға өтініш бергені хабарланған. 2025 жылдың мамыр айының соңында банк атауын өзгертіп, Alatau City Bank деп қайта аталды.

Вячеслав Ким Forbes Kazakhstan рейтингінде бірінші орында тұр. Ол Kaspi.kz компаниясының акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша компанияның 21,3% үлесіне ие. Сонымен қатар, ол «Алсеко» АҚ-ның, «Астана-ЕРЦ», «ELTOP Soft» және «ПОЗИТИВ Инвест» компанияларының серіктесі.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Бизнес жүргізгенде ішкі түйсікке сүйенетін кезім көп»: Айбек Жұмаш – іс жүргізудегі қателіктері мен тәуекелдері жайлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *