Aqtobe Day

Мұғалжар ауданында ер адам Жем өзеніне батып кетті

Фото: dzen.ru

13 шілде күні сағат 16:10-да төтенше жағдайлар департаментіне Жем өзенінде ер адамның батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды «Тілші».

Оқиға орнына дронмен құтқарушылар жіберілген. Алайда, олар жеткенше жергілікті тұрғындар 53 жастағы ер адамның денесін өз күштерімен судан алып шыққан. Марқұмның денесі жағаға жақын, шамамен 1,5 метр тереңдікте табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам шомылу кезінде суға батып кеткен. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ТЖД өкілдері тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылу қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаралды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *