ShapalaQ сайтының дерегінше, 15 шілде күні таңертең сағат 6:44-те Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем қызметінен хабарлама түскен. Онда Т. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері жоғары институтының Сарыжар ауылына жақын орналасқан полигонында парашютпен секіру кезінде курсанттың қаза тапқаны айтылған.
Полиция анықтағандай, қайтыс болған – Астанадан оқуға келген, 2006 жылы туған екінші курс курсанты Бахыт Асарбаев. Ол оқу-жаттығу шеңберінде «МИ-8» тікұшағынан парашютпен секірген. Алайда секіру кезінде парашют ашылмай, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Ақтөбе жедел жәрдем станциясы бұл ақпаратты растады.
Жігіттің 19 жасқа толуына бір ай ғана қалған еді.