Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде жанармай құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті

Фото: Диапазон

Ақтөбеде Едіге батыр даңғылындағы автогаз құю станциясында жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарады. Видеода көбікке малынып, күйіп кеткен көлік пен жанында жүрген өрт сөндірушілер көрінеді, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт газ баллонын (25 литрлік тұрмыстық баллон) толтыру кезінде шыққан. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, шұғыл құтқару жасағы және медициналық көмек бригадасы тез арада жеткен.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толықтай сөндіріліп, өрт жанармай қоймалары мен станция инфрақұрылымына таралмады.

Оқиға салдарынан жанармай станциясы операторының мойны мен қолын күйік шалып, облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады, науқас есін біледі, тиісті емін алуда.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тұз бен құмды ұстап тұру үшін Арал теңізі табанына қанша сексеуіл отырғызылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *