Әлеумет

Әлеуметтік желіде қазақтарды қорлаған Алика елден қашпақ болды: сот оны екі айға қамады

Фото: Shapalaq.kz

Қарағандылық тұрғын, Қытайдан тауар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкер Алика Мұхамадиева елді дүрліктірген оқиғаның ортасында қалды. Threads әлеуметтік желісіндегі қазақтардың ар-намысына тиетін пікірлер мен жазбалардан кейін оған қатысты полицияға ондаған арыз түсті, деп хабарлайды «Тілші» Shapalaq.kz сайтына сілтеп.

Жәбірленушілердің арасында бұрынғы клиенттері де бар. Олар Аликаның қызметіне ақша төлегенін айтып, енді таң қалып отыр. Тіпті, кейбірі жануарларды қорғау тақырыбында да оның дөрекі пікірлерін еске алған. Осы жағдайдан кейін Threads желісінде Алика туралы жазбалар саны күрт өсті.

Алика өз сөздері үшін кешірім сұрауға тырысқанымен, бұл нәтиже бермеді. Полиция оны шекарадан кетпек болған сәтте ұстады. 22 жастағы Мұхамадиеваға «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айып тағылды (ҚР ҚК 174-бап, 1-бөлім). Қарағанды қаласының тергеу соты оны екі айға қамауға санкция берді.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында оның Қазақстаннан шығуға ниеттенгені анықталған, сондықтан сотқа дейінгі тергеу кезінде қамауда ұсталады. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, қамауға алынғаннан кейін Аликаның қаладағы бутик дүкенінің және Қытайдан тауар жеткізу пунктінің атауы алынып тасталды, бизнесі уақытша жабылды.

 

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *