Hi-Tech Isker Tilshi

Samsung Tesla-ға 16,5 млрд долларға заманауи чиптер жеткізбек

Фото: Freepik.com

Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы америкалық Tesla-мен ірі келісімшартқа отырды. Келісім құны – 16,5 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды «Іскер Тілші» kapital.kz сайтына сілтеп.

Келісім бойынша Samsung компаниясы Tesla электромобильдеріне арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа буын микрочиптерін (AI6) жеткізеді. Жеткізу 2033 жылдың соңына дейін жалғасады.

Жаңа буын чиптерін Техас штатындағы Samsung-тің су жаңа зауыты әзірлейді. Tesla басшысы Илон Маск бұл мәміленің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Бұл келісімнің стратегиялық маңызы зор, – деп жазды Маск әлеуметтік желідегі парақшасында. – Оның нақты құны жарияланған 16,5 миллиард доллардан да артып кетуі мүмкін».

Осы ақпарат тарағаннан кейін Samsung Electronics акциялары бірден 6,8 пайызға өсті. Сарапшылардың бағалауынша, бұл келісім Samsung компаниясының микрочип өндірісінің жылдық табысын 10 пайызға ұлғайтады.

Бұл мәміленің аясында екі алпауыт компания арасындағы серіктестік одан әрі нығайып, Samsung әлемдік чип өндірісіндегі беделін тағы бір сатыға көтермек. Tesla үшін де бұл келісім электромобиль нарығында технологиялық артықшылықты сақтап қалуға септігін тигізбек.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Home Credit Bank-ты сатып алу туралы жаңалықтан кейін ForteBank акциялары қымбаттады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *