Aqtobe Day

Ақтөбеде білім науқаны басталды: жаңа оқу жылында 19 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Фото: kazgazeta.kz

2025-2026 оқу жылында Ақтөбеде 19 270 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 15 мыңнан астам баланың құжаты қабылданған. Бірінші сыныпқа қабылдау тамыздың соңына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылына дайындық аясында оқулықтар сатып алынып, мектептерді жабдықтау мен қауіпсіздік шаралары да қатар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.

– Биыл 4, 7, 8, 10 және 11-сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар енгізілді. Оны сатып алуға бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде 13 баспамен арада 135 келісімшарт жасалды. Оқулықтар 25 тамызға дейін жеткізіледі. Сонымен бірге мектептерді жабдықтауға облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді. Былтырғыға қарағанда биыл пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 71%-дан 80%-ға өсті. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 9 колледжге 898 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. ERG компаниясы Хромтау ауданындағы мектепті жабдықтауға 200 млн теңге бөлді, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кейінгі екі жылда бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. 152 мектепке «Алақан» жүйесі орнатылып, ол «Әлеуметтік әмиян» платформасымен біріктірілді. Сондай-ақ білім беру нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, мектептерді қысқы жылыту маусымына дайындау үшін 807 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды. Оған қатты және сұйық отын сатып алынады.

Сонымен бірге 58 қазандықты ауыстырып, 68-іне қосымша жабдық алуға 220 млн теңге қажет. Облыстық білім басқармасы бюджеттік өтінім берді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Мұғалжар ауданында ер адам Жем өзеніне батып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *