Медиа

Сот «The Village Қазақстан» сайтына қарсы талапты қанағаттандырмады.

Фото: the-village-kz.com

Алматы қаласындағы Медеу аудандық соты азамат Еділ Арғынның «The Village Қазақстан» онлайн-басылымына қарсы арызын қарастырып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы «Тілші» Құқықтық медиа орталығының Media Qoldau қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талапкер жарияланған материалдың шындыққа жанаспайтынын, ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін алға тартып, мәліметтерді теріске шығаруды, редакциядан ресми кешірім сұратуды және моральдық өтемақы төлеуді сұраған.

Алайда, істі қараған судья Гүлсара Мәдиева мақалада келтірілген деректердің шынайы екеніне назар аударып, сот талапты негізсіз деп тапты. Сондай-ақ, судьяның айтуынша, редакцияны кешірім сұратуға міндеттеу Қазақстан заңнамасында қарастырылмаған.

Бұл іс бойынша Media Qoldau (Құқықтық медиа орталығы) заңгерлік қызметі мен “Tokayeva&Partners” заң кеңсесінің адвокаттары Әсел Тоқаева мен Лилия Чаусова құқықтық қолдау көрсетті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Telegram билік сұрауы бойынша IP-адрестерді беретін болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *