Telegram корпорациясы платформасының ережелерін бұзған қолданушылардың IP- деректерін және телефон нөмерлерін құқық қорғау органдарына беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.
Telegram негізін қалаған Павел Дуров Францияда тергеуде жүріп, мессенжерді қолдану ережелеріне өзгерістер енгізетінін растады.
Осыған дейін Telegram жеке мәліметтерді терроризмге күдікті жағдайда ғана жариялаған. Бұл енді қылмыстық іс бойынша сот ордер берген кездерде де мүмкін болады.
Павел Дуров белгілегендей, мессенжер өз ережелерін жаңартып, модераторлар жасанды интеллекті қолдану арқылы зиянды контенттерді тазалап шықты.
Дуров қолданушыларды қорғау және платформада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін билік пен қызметтесуге уәде берді. Енді Telegram ашықтығы туралы есеп жылына екі рет емес, төрт рет жарияланады.
Be the first to comment on "Telegram билік сұрауы бойынша IP-адрестерді беретін болды"