“31 арна” мен Informburo.kz сайтының иесі өзгерді

Болат Өтемұратовтың “Верный Капитал” тобы “31 арна” мен Informburo.kz сайтын “Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қорына сатты. Алғаш рет Қазақстанда медиа актив үкіметтік емес ұйымға өтіп отыр. Бұл туралы “Тілші” хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр ресейлік “СТС Медиа” компаниясы жобадан шығып кеткеннен кейін “Верный Капитал” жаңа иелерді іздестіре бастаған.

«Біз басшылығында тәжірибелі медиаменеджерлері бар «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорымен келісім жасасқанымызға қуаныштымыз. Телеарна мен ақпараттық портал үшін жаңа өсу кезеңі басталатынына менің күмәнім жоқ» – деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Айдан Ақанов.

“Әділдік және Өркендеу” қоры 2022 жылы құрылған. Олар еңбек қауіпсіздігі, мектеп тамақтануы, жол сапасы мәселелерімен айналысады. Қор директоры Дана Рысмұхамедова арнаның ашықтық пен кәсібилік бағытын ұстанатынын айтты.

“31 арна” 1993 жылдан бері хабар таратып келеді. Оның алғашқы иесі – кәсіпкер Арманжан Байтасов. Кейін Болат Өтемұратов пен “СТС Медиа” иелер қатарына қосылған.

Be the first to comment on "“31 арна” мен Informburo.kz сайтының иесі өзгерді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*