Hi-Tech Isker Tilshi

Илон Масктың Starlink интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

Фото: starlink.com

13 тамыздан бастап Қазақстан тұрғындарына Starlink компаниясының спутниктік интернеті ресми түрде қолжетімді болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

«2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсынады. Осы арқылы еліміздің кез келген өңіріндегі тұрғындар төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қол жеткізе алады», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік Starlink компаниясының маусым айында Қазақстан заңнамасын толық сақтауға міндеттелген келісімге қол қойғанын еске салды.

Starlink технологиясы шалғай және интернеті нашар елдімекендерге де тұрақты байланыс ұсынуға мүмкіндік береді.

Тарифтермен starlink.com сайтында танысуға болады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік кәсіпкер отандық ерлер костюмі брендін қалыптастырмақ ниетте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *