Экономика

Қазақстандықтар шетел валютасындағы салымдарын қысқартты

Фото: shutterstock.com

Қазақстандық банктердегі (ұжымдық депозиттерді сақтандыру жүйесіне кіретін) халықтың шетел валютасындағы жинақтары 2025 жылғы шілдеге 5,85 трлн теңгені құрады. Бұл – бір айда 57,4 млрд теңгеге қысқарған көрсеткіш, деп хабарлайды Ranking.

Ағымдағы айда 10 банк инвалюта салымдары бойынша минусқа шықса, 8 банк өсім көрсетті. Алайда айтарлықтай өсім тіркегендері үшеу ғана.

Үздік үштік

  • Bank RBK — көшбасшы атанды: бір айда шетел валютасындағы салымдар көлемі 9,3 млрд теңгеге (+3,7%) өсіп, 260,4 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсім – шамамен 32 млрд теңге. Банктың жалпы жеке тұлғаларға арналған депозиттік портфелі ай ішінде 3%-ға жуық өсіп, 614,3 млрд теңгені, ал барлық клиенттерге арналған жиынтық портфелі 1,5 трлн теңгеден асты.
  • Freedom Bank — +6,1 млрд теңге, жалпы көлемі 414,8 млрд теңге.
  • Еуразиялық банк — +5,2 млрд теңге, жалпы көлемі 383,8 млрд теңге.

Өсім көрсеткендер қатарында Нұрбанк (+953 млн тг), KZI Bank (+915 млн тг), Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік банкі (+380 млн тг), Қытай Банкі Қазақстандағы филиалы (+73 млн тг) және Отбасы банк (+14 млн тг) бар.

Неліктен шетелдік валюта депозиттері әлі де сұраныста?
Сарапшылардың пікірінше, пайыздық мөлшерлемелердің салыстырмалы түрде төмен болуына қарамастан, шетел валютасындағы жинақтар теңге бағамының ауытқуы жағдайында қаражаттың құнын сақтаудың сенімді құралы ретінде қала береді.

Bank RBK теңгедегі депозиттерге де тартымды шарттар ұсынып отыр. Мысалы, танымал Safe жинақ депозиті жылдық 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ — 10%-дан 18,3%-ға дейін) сыйақы береді және оған қоса комиссиясыз премиум дебет картасын алуға мүмкіндік бар.

Жалпы нарық
2025 жылғы шілдеде Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің жиынтық депозиттік портфелі 44,11 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде жеке тұлғалардың үлесі — 25,43 трлн теңге. Ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктерде бұл көрсеткіш 25,36 трлн теңгені құрады. Соның ішінде теңгедегі салымдар — 19,51 трлн теңге, ал шетел валютасындағы салымдар — 5,85 трлн теңге.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Бизнес Актобе обеспокоен необоснованными выставлениями уведомлений о присвоении высокой степени риска

Шетелдік валюта салымдарының үлесі бір айда 23,8%-дан 23,1%-ға, ал бір жылда 25,4%-дан төмендеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *