Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 14,77 мың долларды құрап, Ресейден ($14,26 мың) және Қытайдан ($13,69 мың) жоғары болды. Бұл көрсеткіш қазіргі бағамен есептеледі, яғни инфляция мен баға деңгейін ескеретіндіктен, елдің экономикалық әл-ауқатының маңызды өлшемі саналады.
Сарапшылар мұндай нәтижеге бірнеше фактор әсер еткенін айтады:
- бай табиғи ресурстар қоры;
- экспорт көлемінің өсуі;
- инвестициялық ахуалдың жақсаруы;
- әлеуметтік инфрақұрылымға салынған қаржы.
Сонымен қатар, Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы, көлік-логистика желілерінің дамуы және Ұлттық банк пен Үкімет жүргізіп отырған макроэкономикалық тұрақтылық саясаты да маңызды рөл атқарды.
Орталық Азиядағы көшбасшы
Орталық Азияда Қазақстан бірінші орында тұр. Екінші орын — Түрікменстан ($13,34 мың), үшінші — Өзбекстан ($3,51 мың), одан кейін Қырғызстан ($2,75 мың) және Тәжікстан ($1,43 мың).
Посткеңестік кеңістіктегі жағдай
Посткеңестік елдер арасында Қазақстаннан жоғары тек Балтық елдері орналасқан:
- Эстония — $32,76 мың
- Литва — $30,84 мың
- Латвия — $24,37 мың.