Ақтөбе тұрғыны Whatsapp арқылы қоңырау шалған бейтаныс алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өзін ұялы байланыс операторының қызметкерімін деп таныстырған адам әйелге SIM-картасының мерзімі аяқталып жатқанын айтып, телефонға келген құпия кодты сұраған. Құпия деректерді қолына түсірген қылмыскерлер жәбірленушінің атына екі банк арқылы жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам несие рәсімдеп жіберген.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: құпия кодтарды ешкімге бермеу, күмәнді қоңырауларға сенбеу, банк деректерін тек ресми арналар арқылы ғана растау қажеттігін ескертеді.