Әлеумет

348 қазақстандықты алдаған банк қызметкерлерінің қылмыстық тобы әшкереленді

Фото: Zakon.kz

Қазақстанда банк саласының қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Оның құрамында еліміздің әр өңірінен 25 адам болған, деп хабарлайды Еуразия Бірінші арнасы.

Тергеу мәліметінше, алаяқтар қатарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері және бірқатар банктердің – Kaspi Bank, ForteBank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank – қызметкерлері бар.

Олар 5 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың атына ірі көлемде банктік несиелер рәсімдеген. Нәтижесінде 348 адам алданған, ал мемлекетке келтірілген жалпы залал 3,7 млрд теңгеге жетті.

Тергеу кезінде қылмыстық жолмен алынған 2,7 млрд теңге тұратын мүлік тәркіленді.

Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі таралып кеткен: Үкімет басшысы тергеу барысы туралы айтты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *