Әлеумет

Қазақстанда ірі несие енді бірден берілмейді

Фото: pexels.com

Қазақстанда банктер енді ірі көлемдегі қарызды бірден бермей, арнайы «ойлану мерзімін» сақтауға міндеттелді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Tilshinews.kz.

Tengrinews.kz хабарлауынша, егер несие сомасы бір миллион теңгеден асса, банк оны бірден рәсімдемей, 24 сағат күтуге тиіс. Осы уақыт ішінде тексеріс жүргізіледі: несие өтінішін шынымен қарыз алушының өзі берді ме, әлде ол алаяқтардың қысымына түсті ме – соған көз жеткізіледі.

– Егер адам алаяқтардың жетегінде кетсе, осы 24 сағат ішінде ойланып, шешімін қайта қарап, жалған несие рәсімдеуден бас тартуға мүмкіндігі болады, – деді Әбілқасымова Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында.

Агенттік басшысының сөзінше, 150–250 айлық есептік көрсеткіш аралығындағы (2025 жылы шамамен 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі) қарыздар үшін қысқартылған «ойлану мерзімі» қарастырылған – ол 8 сағатқа дейін созылады.

– Бұрын банк қосымшасында несие алу бірнеше минутта жүзеге асатын. Енді 600 мың теңгеден асатын қарыздар бойынша банктер 8-ден 24 сағатқа дейін күтіп, өтініштің алаяқтық белгілеріне сәйкес келмейтінін тексеруі тиіс, – деп түсіндірді Мәдина Әбілқасымова.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік әйелдің атына алаяқтар 4 млн теңге несие рәсімдеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *