Aqtobe Day

Ақтөбеде әжей мен немересін көлік қақты: әжей көз жұмды

instagram.com/zhannur_kerei парақшасында жарияланған бейнебаяннан скриншот

3 қыркүйек күні шамамен сағат 18:10-да Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова даңғылында, «Алия» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткеліне жақын жерде жол апаты болды, деп хабарлайды «Диапазон».

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Lada-21901» автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесі бағытына қозғалып келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 65 жастағы әжей мен оның 9 жасар немересін қағып кеткен.

Жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілді. Алайда әжей алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

«Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», – деп хабарлады полицейлер.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Жанаргүл Досова, Media Pro жобасының жетекшісі: «Тренд - өтпелі, ал стиль – мәңгілік»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *