2 қыркүйек кешкісін Ақтөбедегі Бауырластар тұрғын ауданында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Диапазон».
Полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 22:20-да 16 жастағы мектеп оқушысы әкесіне тиесілі Mitsubishi Carisma маркалы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Басқаруды игере алмай, көлік аударылып, жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды.
Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларын қатаң бақылауға алып, мұндай жағдайға жол бермеуге шақырады.