Әлеумет

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағымен тіс емдете алмайды

Фото: freepik.com

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізіп жатыр. Соған сәйкес, енді қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін стоматологиялық қызметтерге жұмсай алмайды, деп хабарлайды «Тілші».

Неге мұндай шешім қабылданды?

Ведомствоның мәліметінше, соңғы жылдары тіс протездеу мен имплантацияға деп көрсетіліп, зейнетақы қаржысының заңсыз шығарылу деректері көбейген. Бірқатар клиникалар жалған медициналық құжаттар рәсімдеп, азаматтардың жинақтарын мақсатсыз пайдаланған.

«Жобада стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану нормасы алынып тасталады. Бұл шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және қаражатты басқа мақсатқа жұмсау жағдайларымен байланысты», – делінген министрліктің хабарламасында.

Сандар сөйлейді

2021 жылдан 2025 жылдың 20 тамызына дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы «Стоматологиялық қызметтер» бағыты бойынша 795 мыңнан астам транзакция жасалған.

Олардың жалпы сомасы – 757 млрд теңге.

Соның ішінде 222 млрд теңгеден астам қаражат еліміздегі ең ірі 20 стоматологиялық клиникаға бағытталған. Көпшілігі Алматы мен Астана сияқты мегаполистерде орналасқан.

Қашан күшіне енеді?

15 қыркүйектен бастап бұл мақсатқа өтінім қабылдау толық тоқтатылды. Министрлік мұндай өзгеріс денсаулық сақтау саласында қаржының ашық әрі мақсатты қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Президент елдегі ажырасудың басты себебін атады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *