Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды «Тілші».
Тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қырғызстан экспедиторлар қауымдастығының және бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардың өтініштері негізінде жүргізілді.
Нәтижесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу кезінде аффилиирленген компанияларға – «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-ына артықшылық беріп, жеке экспедиторлардың қызметіне кедергілер жасағаны анықталды.
Аталған әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.
2025 жылғы 22 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша 1,42 млрд теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.
2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.