Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» бағыты бойынша жүретін пойызда жолаушылар алғаш рет Starlink технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосыла алады, деп хабарлайды «Тілші».
«Жолаушылар тасымалы» компаниясынан хабарлағандай, Starlink орнатылған пойыздарда жылдамдығы 250 Мбит/с-тан асатын интернет қолжетімді болады.
Бұл жолаушыларға сапар барысында фильм көруге, мессенджерлер арқылы байланысуға, қашықтан жұмыс істеуге, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе мен қолма-қол ақшасыз төлем сервистерін пайдалануға мүмкіндік береді.