Home Саясат Мұрат Нұртілеу ҚР Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды
Саясат

Мұрат Нұртілеу ҚР Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды

Фото: gov.kz

Мұрат Нұртілеу ҚР Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы «Тілші» Ақордаға сілтеп хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Orda.kz сайты Мұрат Нұртілеудің ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл ақпаратты жоққа шығарды. Содан соң Orda.kz иесі Бас прокуратураға сайттың бас редакторы Гүлнар Бажкенованың үстінен шағымданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version