Home Әлеумет Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді
Әлеумет

Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді

Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ең қолайлы жағдай жасалған елдер қатарынан орын алды. Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан TURKWOMEN халықаралық әйелдер форумында экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының әлеуметтік саясат және адами ресурстар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Ауғанбайқызы Қалиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инновацияны дамытуға ықпал етіп отыр. Сонымен қатар халықаралық инвестицияларды тартуға және басқа мемлекеттермен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,5 млн адамды құраған. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 48,3%-ына тең. Ал әйелдердің жұмыс күшіне қатысу деңгейі 63,2%-ға жетіп, Қазақстанды әлемдік үздік 30 елдің қатарына шығарды. Сондай-ақ елде шағын және орта бизнес иелері, мемлекеттік қызметшілер мен IT саласының жетекшілері арасында әйелдердің үлесі артып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version