Экономика

Ұлттық банк банкаралық QR-төлемді іске қосты

Фото: © Pexels/iMin Technology

30 қыркүйектен бастап Қазақстанда банкаралық QR-төлем сервисі жұмыс істей бастады. Енді сатып алушы қай банктің клиенті болса да, қатысушы кез келген банктің терминалындағы QR-кодты сканерлеп, мобильді қосымшасы арқылы төлем жасай алады. Қызмет Ұлттық банктің Ұлттық төлем корпорациясы базасында іске қосылды, деп хабарлайды «Тілші».

Ұлттық банктің хабарлауынша, жаңа сервис банктер арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтіп, төлем қызметтерінің қолжетімділігі мен ыңғайын арттырады. Банкаралық QR-төлемдер бүгіннен бастап «Банк ЦентрКредит», «Home Credit Bank» және «Freedom Bank» клиенттеріне қолжетімді.

Төлем жасау тәртібі қарапайым: сатып алушы өз банкінің мобильді қосымшасын ашады → сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлейді → экрандағы соманы растап, төлемді бекітеді. Бұл кезде сатушы терминалы қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілуі жеткілікті — төлем жіберуші мен алушының банктері әртүрлі болуы мүмкін.

Ұлттық банк қалған қаржы ұйымдарын сервисті кезең-кезеңімен қосуға кірісті: басқа банктердің мобильді қосымшаларында қызмет ішкі процестер бейімделген сайын пайда болады.

Банкаралық QR – сервистің енгізілуі ұлттық төлем инфрақұрылымын жаңғырту бағытының бір бөлігі ретінде Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылым (ҰЦҚИ) аясында жүзеге асырылып жатыр. Мақсат — нарықта бәсекені кеңейту және тұтынушылар үшін төлем сервистерін барынша ыңғайлы ету.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Мәдина Әбілқасымова төлем қабілетін жоғалтқан банктерді құтқару қалай өзгеретінін түсіндірді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *