Isker Tilshi

Прокуратура талабы орындалды: FlyArystan duty free тауарларын тегін алып өтуге рұқсат берді

Фото: smi24.kz

Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы араласқаннан кейін FlyArystan қол жүгінде duty free дүкендерінен алынған тауарларды тасымалдау тәртібін өзгертті. 2025 жылдың 1 қазанынан бастап халықаралық рейстер жолаушылары бұл тауарларды қол жүгінің салмағына қоспай-ақ, тегін алып өте алады, деп хабарлайды «Тілші».

Алматы әуе көлігі прокуратурасы әуе компаниясы қызметін талдау кезінде duty free саудасынан сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қойылған шектеулердің заңға қайшы екенін анықтаған. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетіп, жаңа тәртіпті бекітті.

Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланбақ.

Прокуратура бұл өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануға, жолаушылар үшін түсінікті әрі әділ талаптар қалыптастыруға және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Еске салайық, duty free тауарлары – шекаралық бақылаудан өткен аймақта орналасқан дүкендерден алынатын өнімдер. Енді FlyArystan халықаралық рейстерінде оларды қол жүгінің бөлігі ретінде қосымша төлемсіз тасымалдауға болады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  ForteBank – Қазақстандағы “Жылдың үздік бөлшек сауда банкі”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *