Ақтөбеде 136 адамды алдап, несие рәсімдеткен емшіге сот үкімі шықты. Ол «мешіт саламын», «баланы шетелде емдетемін» деген уәжбен азаматтарды қарызға батырған.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын — 579 млн теңге.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу оның баласы 14 жасқа толғанға дейін, бірақ 2 жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылды.
Ақтөбе қаласының №2 соты хабарлағандай, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.