Company

«ҚазМұнайГаз» Маңғыстауда жаңа мұнай кен орнын іздей бастады

Фото: компания баспасөз қызметі

Ұлттық мұнай-газ компаниясы Маңғыстау облысындағы «Өзен Солтүстік» аумағында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісті, деп хабарлайды «Тілші».

«ҚазМұнайГаз» бұл жоба бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын 2025 жылдың маусымында алған. Келісімшартқа сай, компания екі барлау ұңғымасын бұрғылауы тиіс: Біріншісінің тереңдігі — 2000 метр, екіншісінікі — 1650 метр.

Жобаның операторы — «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы «KMG Barlau» ЖШС.

Бұған дейін «KMG Barlau» геологиялық барлау аясында 3D сейсмикалық зерттеулерді толық көлемде (400 шаршы шақырым аумақта) жүргізген.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, бұл бұрғылау кезеңі жобаның негізгі әрі шешуші сатысы болмақ.

«Алғашқы барлау ұңғымасының нәтижелері жер қойнауының құрылымын нақтылап, «Өзен Солтүстік» учаскесінің мұнай мен газ әлеуетін растауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз».

«ҚазМұнайГаз» соңғы жылдары елдің әр өңірінде барлау жұмыстарын күшейтіп келеді.

Қызылорда облысында «Торғай Палеозой» жобасы аясында 5585 метр тереңдікке дейінгі алғашқы терең барлау ұңғымасын бұрғылады.

Ақтөбе облысындағы «Қаражар» аумағында 3250 метр тереңдікке дейін бұрғылау жұмыстары аяқталды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әлемдік рекорд орнатты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *