Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында оқушы қыз босанды: Күдікті ретінде әжесінің күйеуі қамауға алынды

Көрнекі фото: thevoicemag.ru

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы босанды. Қыз бірнеше рет дәрігерге қаралғанымен, мамандар оның жүктілігін анықтай алмаған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Тілші.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқушы биыл үш рет медициналық тексеруден өткен:

  • 13–18 наурыз аралығында аудандық ауруханада,
  • 28 мамырда жазғы лагерьге барар алдында,
  • және 10 қыркүйекте ата-анасымен бірге.

«Аталған кезеңдерде дәрігерлер ерте жүктіліктің белгілерін анықтамаған», – делінген ресми хабарламада.

Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Informburo.kz мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың жүктілігіне күдікті ретінде оның әжесінің күйеуі ұсталып, қамауға алынған. Тергеу ісі басталып, оның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

«Қазіргі таңда оқиғаның барлық жағдайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің әрекетіне қатысты қызметтік тергеу бастағанын, бұл мақсатта арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

Білім басқармасы оқушының толық емес отбасында тәрбиеленіп келгенін растады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Жайлы мектеп»: Ақтөбе облысында 14 мектеп құрылысы биыл аяқталады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *