«Жайлы мектеп»: Ақтөбе облысында 14 мектеп құрылысы биыл аяқталады

Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 90,8 млрд.теңге болатын 18 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның 14-інің құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталуы керек. Жаңа оқу жылында 10 мектеп, жыл соңына дейін 4 мектеп пайдалануға берілуге тиіс. Қазіргі таңда бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды TilshiNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысын аппараттық жиында баяндап берді.

«Қалған 4 жоба бойынша қазір инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жұмыстары қолға алынуда. Аталған жобалардың ішінен биыл аяқталуы керек бір жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары әлі басталған жоқ, себебі жер учаскесін бөлуде мәселелер бар. Атап айтсақ, Ақтөбе қаласы әкімдігі жер учаскесін сатып алуға бөлетін қаражатты наурыз айының кезекті қалалық бюджетін нақтылауы кезінде қарастырады. Ал 2025 жылы аяқталуға тиіс қалған 4 жобаның ішінен 3 жоба бойынша жер теліміне байланысты жұмыстар жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.

Be the first to comment on "«Жайлы мектеп»: Ақтөбе облысында 14 мектеп құрылысы биыл аяқталады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*