2025 жылғы 16 қазаннан бастап барлық тұтынушылар тобы үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін арттыруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды «Тілші».
Мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін қолданыста болады.
Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі сақталады.
Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін болдырмау мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды. Бұл тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейтіп, негізгі азық-түлік тауарларының арзандауына ықпал етеді.