Әлеумет

Инновациялар, көшбасшылық және қоғамдастық: оқушылар мен студенттер өз қалаларын STEAM арқылы өзгертеді

2025 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Қазақстанның сегіз қаласында — Павлодар, Петропавл, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкентте — «Мейкерспейс Резиденттері» білім беру жобасы іске қосылады.

Бағдарлама аясында жергілікті мейкерспейстерде бағдарламалау, робототехника, 3D модельдеу, медиа контент жасау және басқа да қолданбалы дағдылар бойынша тұрақты курстар мен шеберлік сабақтары өтеді. Жоба «Мейкерспейс Кеңейеді!» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда және Қазақстанда адами капитал мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған. Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен Chevron компаниясының қолдауымен іске асуда.

«Мейкерспейс Резиденттері» — STEAM бағытында (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) 100-ден астам жас көшбасшыны даярлауға арналған білім беру бастамасы. Үш айлық бағдарлама барысында қатысушылар жоба менеджменті, көшбасшылық және технология салаларында қарқынды оқудан өтеді. Оқыту кезеңінен кейін жастар өз қалаларындағы мейкерспейстерде өз жобаларын жүзеге асырады. Түлектердің бастамалары арқылы кейіннен 500-ден астам оқушы мен студентті білім беру жобаларына тарту жоспарланған.

Бағдарлама менеджері Әділет Болатханның айтуынша, жоба жастарға тек қатысушы емес, өз қалаларында өзгеріс жасаушы тұлға болуға мүмкіндік береді. Ол 2024 жылы мейкерспейс іс-шараларына 8 300-ден астам адам қатысқанын атап өтті.

«Біз енді жаңа деңгейге шығамыз: жастар өз идеяларын қоғамға пайда әкелетін нақты жобаларға айналдыруы тиіс. Мысалы, өткен жылы Ақтөбеде студенттер ауыл балаларына арналған STEAM лагерьлерін өткізсе, Астанада оқушылар жыл сайын 200-ден астам өнерге қызығушы жасты біріктіретін Inspire Fest фестивалін ұйымдастырады. Енді әр жас өзінің жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады», — деді ол.

Жастар бастамаларының практикалық іске асырылуы 2025 жылдың қарашасында басталады. Қатысушылар ұсынған идеялар арасында Орал қаласында пластикті қайта өңдеу шеберханасын ашу, Петропавлда мектеп кітапханаларының қорын цифрландыру, сондай-ақ өңірлік мейкерспейстерде түрлі білім беру және экологиялық жобаларды дамыту бағыттары бар. Ең үздік жобалар 100 000 теңгеге дейінгі грант және мейкерспейс координаторларының менторлық қолдауына ие болады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Президент елдегі ажырасудың басты себебін атады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *