Ақтөбеде қоғамдық орындарда қорқор (кальян) шегуге қатысты рейдтік шаралар жалғасуда. Тексеру барысында тыйым салынған жерлерде кальян темекісін, қоспаларын, темекі қыздыру жүйелерін, электрондық тұтыну құрылғыларын және олар үшін арналған сұйықтықтарды қолданғаны үшін 153 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, келушілерге тыйым салынған өнімдерді тұтынуға жол бергені үшін 61 ойын-сауық орнының иелері де жауапқа тартылды. Олардың арасында бұзушылықты 2-ден 8 ретке дейін қайталаған кафе, лаундж-бар, караоке және түнгі клуб иелері бар.
Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары жеке және заңды тұлғаларға 200-ден аса профилактикалық ұсыныс енгізген.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті ескертеді:
заңмен тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін, соның ішінде кальянды тұтыну:
• жеке тұлғаларға – 15-тен 20 АЕК-ке дейін,
• заңды тұлғаларға – 25-тен 60 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

