Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде 14 жасында босанған оқушының әжесі жол апатынан қаза тапты

Көрнекі фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде 64 жастағы өгей атасынан бала туған қыздың отбасында тағы да қайғылы жағдай болды. Оқушының әжесі қаладан ауылға қайтып келе жатып жол апатынан мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 27 қазан күні кешкісін Қобда – Ойыл тас жолының бойында, Саралжың ауылының маңында болған. Полицияның мәліметінше, Lada Granta автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Салонда отырған жолаушы — Ойыл ауданының тұрғыны, 14 жасында босанған қыздың әжесі оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, немересі босанып, күйеуі қамауға алынғаннан кейін әже біраз уақыт аудандық ауруханада емделіп жүрген. Кейін қызымен бірге Ақтөбеге барған, ал қайғылы жағдай ауылға қайтып келе жатқан сәтте болған. Көлікті марқұмның сіңлісі айдаған. Машинада сонымен қатар марқұмның кенже қызы мен 10 жастағы бала болған.

Ауыр жарақат алған жасөспірім марқұмның жиені екені хабарланды. Ол санитарлық авиациямен Ақтөбеге жеткізілген.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысында оқушы қыз босанды: Күдікті ретінде әжесінің күйеуі қамауға алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *