Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында жылқыны атып алатын ұрылар шықты

Фото: maltabu.kz

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында мал ұрлығы өршіп тұр. Айналдырған бір жыл ішінде Көктау мен Көктөбе ауылдарында екі жүзге жуық ірі қара қолды болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

– Менен екі жылда 64 бас кетіп тұр. Бір жылы 35 кетті. Былтыр 29 бас кетті. Іздедік. Бір жеті, он күн осы жерде сабылып іздедік. Айтып тұрмын ғой, учаскелік полицеймен екі күн бойы айналаны, шаруашылықты, бәрін айналдық. Іздестірік. Көрдім-білдім деген адам жоқ, – дейді Көктау ауылының тұрғыны Амандық КЕНЖЕБАЕВ.

Хромтау ауданына қарасты қос ауылдың шаруа қожалықтары мен тұрғындарынан маза қашқан.

«Барымташылар басынып барады» деп налиды олар. Әр шаруаның жайылымдағы ірі қарасын тал түсте айдап кететін болған.

Ең сорақысы, жылқыларды атып алып кететін сәттер де кездескен.

Тұрғындар полицияға арыз жазғанымен, нәтиже болмай тұр. Ұры ұстатпайды, мал табылмайды.

Ал тәртіп сақшылары шекараның арғы бетіндегі ресейлік әріптестерімен де тізе қосып жұмыс істеп жатқанын айтады. Әйтсе де шаруалардың өздері де жайылымдағы малды қарамайды, деп ақталады полицейлер.

– Хромтау ауданына шекаралас Ресей Федерациясындағы әріптестерімізге де бағыт-бағдар берілді. Олар да сол шекара бойларында іздестіру жүргізіп жатыр. Мал тәулік бойы еркін жайылымда болған. Қараусыз, яғни бақташысыз жайылып жүрген. Соның салдарынан жоғалып отыр, – дейді Хромтау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Мадияр ӘКЕНТАЙ.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған топ сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *