Медиа

Аида Балаева: Қазақстанда азаматтарды рұқсатсыз түсіруге шектеу қойылады

Фото: Kapital.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат кулуарында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Оның ішінде жеке тұлғаларға қатысты фото және бейне түсірілімдерді шектеу туралы норма бар, деп хабарлайды «Тілші» Zakon.kz сайтына сілтеп.

Министрдің айтуынша, олардың мақсаты – түсірілімдерге тыйым салу емес, керісінше, шектеу енгізу.

«Біз еш нәрсеге тыйым салғымыз келмейді. Біз адамдарды барлық жерде рұқсатсыз түсіретін жағдайларды шектегіміміз келеді,» – деді Балаева.

Ол мұндай шектеу негізінен жеке тұлғалардың рұқсатынсыз жасалатын пранктарға және басқа да түсірілімдерге қатысты болатынын нақтылады.

Аида Балаева жаңа нормаларды талқылау үшін жұмыс тобы құрылып жатқанын, оның құрамына міндетті түрде журналистерді қосатынын атап өтті.

«Шенеуніктерге қатысты – біз үйреніп кеттік қой. Бізде баяғыдан туыстар жоқ, жеке өмір жоқ. Қайда барсақ та түсіреді, бірақ біз де осы елдің азаматтарымыз. Алайда, мәселе тек шенеуніктер туралы емес, жалпы осы саланы реттеу керек», – деді ол. .

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстан «Медуза» сайты жетекшісінің телефонына Pegasus жұқтыруы мүмкін елдер қатарында аталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *