«Медуза» сайтының негізін қалаушы және жетекшісі Галина Тимченконың телефонына жыл басында тыңшылық жасауға арналған Pegasus бағдарлама жұқққан. Бұл туралы басылымның өзі және Access Now коммерциялық емес ұйымы хабарлады.
Мәліметке қарағанда, «Медуза» журналисі Лиза Тименконың телефонын Pegasus бағдарламасы бұзған. Мұндай вирус ресейлік журналиске қарсы алғаш рет қолданылып отыр. Pegasus бағдарламасын NSO Group израильдік компания дайындаған.
Access Now ұйымы мұндай бағдарламаны бірнеше мемлекет, солардың ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Еуроодақтың бірқатар елі қолданды деген күдік барын мәлімдеді.
Ресми тұлғалар журналист телефонын бұзуға қатысы бар-жоғы туралы әзірге ешқандай мәлімдеме таратпады. Қазақстанда «Медуза» сайты бірнеше жылдан бері бұғатта тұр. Оны VPN секілді арнайы бағдарламалар көмегімен ғана оқуға болады.
2021 жылы Жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталығы (OCCRP) зерттеу жариялады. Онда тыңшылық жасауға арналған Pegasus бағдарламасы Қазқастан президентінің, үкімет мүшелерінің, журналистер мен кәсіпкерлердің ұялы телефондарына орнатылғаны айтылды.
Access Now ұйымы Ресейде «Медуза» сайты «болмауы керек ұйым» деп жариялағаннан екі аптадан кейін басылым жетекшісінің телефоны бұзылғанын мәлімдеді.
Тыңшылыққа нақты қай елдің қатысы бары әзірге белгісіз, бірақ ЕО аумағында кем дегенде 14 мемлекет пен 22 мекеме Pegasus қолданғаны анықталған.
Access Now әлем елдерінің бәрін Pegasus секілді тыңшылық бағдарламаларына мораторий жариялауға шақырды.
centralasian.org, фото: forbes.ru