Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде жолда қалған 53 адам құтқарылды: Олардың арасында шетелдіктер де бар

QazAvtoJol

Ақтөбе облысының құтқарушылары бүгін жолдың жабылуына байланысты далада қалған 53 жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға Әйтеке би ауданындағы республикалық маңызы бар тасжолдың 950-шақырымында болды, деп хабарлайды «Тілші».

Төтенше жағдайлар министрлігінің  мәліметінше, құтқару операциясы екі бағытта жүргізілді:

  • Белқопа ауылына қарай жаяу бет алған 15 адам;
  • «Шымкент–Мәскеу» бағытындағы автобустың ішінде қалған 38 жолаушы.

Құтқарушылар барлық жолаушыны жақын маңдағы елді мекендердің жылыту бекеттеріне жеткізді. Құтқарылғандардың ішінде 11 Өзбекстан азаматы бар.

«Қуанышқа орай, эвакуацияланған азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес», — делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық тұрғындар мен қонақтарға алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын мұқият тексеруді және құзырлы органдардың ескертулеріне құлақ асуды сұрайды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік мұғалім танысының баласын “жеңілдікпен оқуға орналастырамын” деп алдап, ай сайын ақша алып отырған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *