Медиа

«Шындық үшін күресуді үйрендім»: Айбек Смадияров СІМ-дегі қызметінен кетті

Фото: gov.kz

Еліміздің ең беделді баспасөз хатшыларының бірі Айбек Смадияров Қазақстан Сыртқы істер министрлігіндегі жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Тілші»  KazTAG агенттігіне сілтеп.

Министрліктің ресми өкілі журналистермен қоштасу сәтінде 8 жылдық тәжірибесі мен алған әсерімен бөлісті.

«Осы мінберде тұрғаныма сегіз жыл болды. Қанша дайындалсам да, бәрібір қобалжу болатын. Әр брифингке келерде: «Осы жолы сұрақтар жеңіл болса екен» деп тілейтінмін. Бірақ сіздер ешқашан оңай сұрақ қойған емессіздер. Мен бұл үшін ризамын. Сіздердің іскерлік, кәсіби ұстанымдарыңыздың арқасында мен де өстім, шыңдалдым, сенімді бола түстім. Біз жазда да, қыста да бір команда болып жұмыс істедік», — деді Смадияров.

Дипломат бұл қадамға аяқ астынан емес, ойланып барғанын, бұл оның жеке шешімі екенін жеткізді. Ол СІМ-де қызмет еткен жылдары Қазақстанның сыртқы саясаты талай маңызды кезеңдерден өткенін еске салды.

«Не айтуға болады? Мен сіздерден бір нәрсені — шындық үшін күресуді үйрендім. Бұл өте құнды қасиет. Көпшілік журналистер туралы әртүрлі пікір айтады, бірақ сіздер – ең мықтысыздар. Мен бұл достықты бағалаймын, байланыста боламыз. Телефоным сол қалпы, келесі жолы енді кофейнеде кездесерміз», — деп түйіндеді сөзін.

Айбек Смадияровтың II сыныпты Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесі бар. Ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген жылдары ол өзінің ашықтығымен, қарапайымдылығымен және жоғары кәсібилігімен журналистер қауымының ерекше ықыласына бөленді. Мемлекеттік қызметтегі әріптестері мен БАҚ өкілдері арасында оның беделі зор.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қонысбек Терекұлы, тележүргізуші: «Документалистика жанрында шамамды байқап көргім келеді»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *