Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында тас жол жабылып, 100-ге жуық жолаушыны пойыз жеткізді

Қолайсыз ауа райы салдарынан Ақтөбе – Астрахань тас жолы жабылды. Жолда қалған адамдарға Ұлттық тасымалдаушы көмек қолын созып, оларды діттеген жеріне жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компания жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастырды.

Бүгін, 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы жолда қалған жолаушыларды вагондарға қабылдады. Пойыз келесі станциялардан адамдарды алып кетті:

  • Сағыз станциясынан — 20 жолаушы;
  • Қарауылкелді станциясынан — 30 жолаушы;
  • Қандыағаш станциясынан — 46 жолаушы.

Нәтижесінде 100-ге жуық адам Ақтөбе қаласына аман-есен жетті.

Тасымалдаушы компания қысқы боран мен көктайғақ кезінде теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас құралы екенін атап өтті. Мамандар тұрғындарды сапарға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият тексеруге шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде 16 жасында жүкті болған қыздың ісі бойынша полиция түсініктеме берді. "Не молчи" қоры дабыл қағуда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *