Home Aqtobe Day Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қарызын өтеу үшін жылқы ұрлаған
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қарызын өтеу үшін жылқы ұрлаған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында еркін жайылымда жүрген 13 бас жылқының ұрланғаны анықталды. Шаруа қожалығының басшысы келтірілген материалдық шығынды шамамен 9 миллион теңге деп бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол — Темір ауданының тұрғыны.

Тергеу барысында күдіктінің қараусыз жайылып жүрген жылқыларды айдап әкеліп, кейін оларды бұрын малынан айырылған ауыл тұрғындарына таратып бергені белгілі болды. Кейбір жылқылар полиция тарапынан тәркіленсе, бір бөлігі ауыл тұрғындары тарапынан соғымға сойылып кеткен.

Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version