Aqtobe Day

InspireFest 2025: Ақтөбеде өнер, ғылым және технологиялар жастарды біріктірді

Ақтөбеде InspireFest 2025 атты жастарға арналған өнер, ғылым және технология фестивалі өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер және STEAM бағыттарына қызығушылық танытқан жас энтузиастар қатысып, өз идеяларын, инженерлік шешімдері мен креативті жобаларын ұсынды.

Фестиваль «Мейкерспейс кеңейіп келеді!» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ақтөбедегі іс-шара Makerspace Aktobe базасында өтіп, қатысушыларға көрме және интерактивті аймақтар ұсынылды. Күні бойы қатысушылар өз жобаларын таныстырып, STEAM Arena алаңында командалық инженерлік және логикалық сынақтарға қатысты. Сонымен қатар арт және интерактивті аймақтарда шығармашылық пен технологияны ұштастырған жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.

Фестивальдің «Зертте. Шығар. Бөліс.» ұраны іс-шараның негізгі мәнін — ашық диалогты, тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты айқын көрсетті.

«InspireFest — жастарға шығармашылық пен технологияның қатар дамитынын көрсететін маңызды алаң. Жыл сайын қатысушылардың идеялары батылданып, жобалардың сапасы артып келеді», — деді Ақтөбедегі InspireFest үйлестірушісі.

InspireFest 2025 Ақтөбеде білім беру платформасы ғана емес, инженерлік ойлау, креативтілік және бірлескен шығармашылық мәдениетін дамытуға бағытталған шабыт сыйлайтын іс-шара ретінде өтті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Алға ауданында 120 млрд теңгеге алып зауыт салынып жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *