Home Aqtobe Day Ақтөбе тұрғыны жалдамалы пәтерде 21 мыңнан астам доза есірткі сақтаған
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе тұрғыны жалдамалы пәтерде 21 мыңнан астам доза есірткі сақтаған

Фото: informburo.kz

Ақтөбеде 35 жастағы тұрғын аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ұсталды.

Жедел уәкілдер күдіктінің автокөлігін тексеру барысында өсімдік тектес зат салынған ораманы анықтап, тәркіледі. Кейін есірткі заттарын сақтау үшін арнайы жалға алынған пәтерді тінту кезінде дәл осындай зат салынған қап табылып, алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы шамамен 13 килограмды құрап, бұл 21 мыңнан астам бір реттік дозаға тең.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмыс үшін заңнамада үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version