Aqtobe Day Әлеумет

Үш ақтөбелік 500 мың долларға уран сатпақ болған

Фото: pixabay.com

Ақтөбеде радиоактивті зат – уран саудасымен айналыспақ болған қылмыстық топ сотталды. Олар қауіпті затты көліктің жүксалғышына салып тасымалдаған, деп хабарлайды «Тілші» ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап.

Сот үкімімен екі ақтөбелік 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал олардың Шымкенттен келген сыбайласы Рудольф бұрын сотты болғанына байланысты 2 жыл 6 ай жаза арқалады.

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыстық схеманы Өзбекстан азаматы бастаған. Ол заңсыз жолмен салмағы 958,7 грамм болатын азайтылған уранды қолға түсірген. Кейін Шымкенттегі танысы Рудольфқа хабарласып, тауарды сатуға болатынын айтқан.

Рудольф өз кезегінде Ақтөбедегі таныстары Құнысбай мен Еркінді іске тартып, олар клиент іздеуге кіріскен.

Қыркүйек айында Рудольф радиоактивті затты алып, Chevrolet Tracker көлігінің жүксалғышына жасырып, Ақтөбеге жеткізген.

Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті  бұл жоспардан хабардар болған. Құзырлы орган қылмыскерлерге жалған сатып алушы жіберген. Сауда құны – 500 300 АҚШ доллары деп келісілген.

Қала сыртындағы орман алқабында өткен кездесу кезінде арнайы жасақ үш күдіктіні де қылмыс үстінде ұстады.

Сараптама тәркіленген заттың шынымен де азайтылған уран екенін растады. Сотталушылар сотта кінәсін толық мойындады. Сот үкімі бойынша қауіпті радиоактивті зат енді жойылады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде қыздың дауысын айнытпай салған алаяқ ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *