Home Isker Tilshi Илон Масктың байлығы 700 миллиард доллардан асты
Isker Tilshi

Илон Масктың байлығы 700 миллиард доллардан асты

Фото: depositphotos.com

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлем тарихында тұңғыш рет 700 миллиард долларлық межені бағындырды. Бұған АҚШ-тың Делавэр штаты Жоғарғы сотының шешімі тікелей әсер етті, деп хабарлайды Isker Tilshi.

Financial Times басылымының жазуынша, сот бизнесменге тиесілі қомақты сыйақыны (компенсациялық пакетті) қайтару туралы үкім шығарды.

Мәселенің мәнісі мынада: 2018 жылы Tesla акционерлері Маскқа арналған арнайы сыйақы пакетін мақұлдаған. Алайда биыл Канцлерлік сот бұл шешімді жарамсыз деп танып, «Маск директорлар кеңесіне қысым жасады, бұл акционерлерге әділетсіз болды» деген уәж айтқан еді.

Дегенмен, Жоғарғы сот іске нүкте қойды. Судьялар директорлар кеңесінің әрекетінде қателік бар екенін растаса да, сыйақыдан толық айыруды дұрыс емес деп тапты.

«Сыйақыны толық жою – Масктың алты жыл бойғы еңбегі мен уақытын мүлдем елемеумен тең», – деп жазылған сот шешімінде.

Нәтижесінде кәсіпкерге Tesla акцияларының опциондары қайтарылды. Қазіргі нарықтық бағамен бұл пакеттің құны 139 миллиард долларға бағаланады.

Forbes журналының дерегінше, осы шешімнен кейін Илон Масктың дәулеті бірден 749 миллиард долларға дейін шарықтады.

Бұл көрсеткіш бойынша ол ең жақын бәсекелесінен әлдеқайда алда тұр. Мәселен, екінші орындағы Google негізін қалаушы Ларри Пейдждің байлығы Масктан шамамен 500 миллиард долларға аз.

Айта кетейік, өткен аптада ғана Маск 600 миллиард долларлық межені алғашқы болып бағындырған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version