Медиа

KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

Фото: KazTAG

Астанада KazTAG халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов тұтқындалды. Полиция журналисті Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу амалдарына шақыртып, сол жерде қамауға алды, деп хабарлайды «Тілші».

Бұл туралы агенттіктің бас директоры Әсет Матаев мәлімдеді. Ол әріптесінің ұсталуын заңсыздық деп бағалап, бұл істің артында нақты тұлғалар тұрғанын ашық айтты.

«Сағат 19:00-де адвокаттар Әмір Қасеновтің ұсталғанын хабарлады. Мен мұны органдар мен тапсырыс берушілер – Турлов пен Freedom Finance тарапынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын. Егер Қазақстанда әділдік болса, Әмірге тағылған барлық айыпты алып тастап, оны босатуы тиіс!» – деп жазды Матаев өзінің Telegram арнасында.

Қорғаушы Рена Керимованың пікірінше, Қасеновті қамауға алу – негізсіз әрекет. Журналист Қылмыстық кодекстің 274-бабы 3-бөлігі бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) күдікке ілінген. Бұл – орташа ауыр қылмыс, оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Адвокат бұл әрекетті құқық қорғау органдарының «кек алуы» деп болжайды. Себебі бұған дейін Қасенов тергеу кезіндегі психологиялық қысым мен заңсыз әдістер туралы ашық айтқан еді. Қорғаушы тарап тергеу соты қамауға санкция бермейді деп үміттенеді.

Еске сала кетейік, қылмыстық іс Freedom Finance компаниясына қатысты жарияланымдардан кейін қозғалған. 2025 жылдың сәуірінде алаяқтарға алданған жәбірленушілер мен адвокаттар редакцияға хабарласып, шындықты іздеген болатын.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) мен «Әділ сөз» халықаралық қоры KazTAG басшылығына қатысты қудалауға қатты алаңдаушылық білдірді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Әділ сөз» қоры KazTAG басшыларына араша түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *