Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбелік полицейлер тұрғындарды түтін арасынан алып шықты

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері нағыз ерлік көрсетті. Тәртіп сақшылары жанып жатқан көпқабатты үйден тұрғындарды дер кезінде қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды «Тілші» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 4 қаңтар күні Ломоносов көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Күндізгі уақытта пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы шұғыл хабар түсті.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Шынберген мен Аслан Айтжанов бірінші болып жетті. Сол сәтте кіреберісті қою қара түтін басып, адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған еді. Полицейлер уақыт жоғалтпай, бірден эвакуациялауға кірісті. Олар жоғарғы қабатта қалып қойған үш тұрғынды жедел түрде сыртқа алып шықты. Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілер келгенше жағдайды бақылауда ұстап, адамдардың өмірін сақтап қалды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген соң, құтқару жұмыстары қыза түсті. Мамандар барлығы 24 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде төрт адамды өрт сөндірушілер арнайы автосатының көмегімен терезеден түсірді. Полиция мен төтенше жағдай қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  60 мыңнан астам ақтөбелік электр жарығына артығымен төлеп келеді. «Тілші» қала шетіндегі бау-бақша ұжымдарында болып қайтты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *