Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде банк қызметкері интернет-алаяқтардың құрбаны болды

Фото: pexels.com

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтардың арбауына түсті. Ол банктердің бірінде аға менеджер болып жұмыс істейді.

Белгілі болғандай, азамат әлеуметтік желілердің бірінен шырша сату туралы хабарландыруды көріп, сатушымен байланысқа шыққан. Хат алмасу барысында алаяқ сатып алушыны тауар үшін толық алдын ала төлем жасауға көндірген.

Сатушыға сенім артқан ақтөбелік азамат көрсетілген шотқа 67 мың теңге аударған. Алайда ақша түскеннен кейін «сатушы» байланысқа шықпай, хабарландыруды өшіріп тастаған. Уәде етілген шырша жеткізілмеген.

Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алаяқтыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Полиция департаменті азаматтарды интернет пен әлеуметтік желілер арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырады. Бейтаныс тұлғаларға алдын ала төлем жасамау, сатушы аккаунтының шынайылығын, пікірлердің болуын және ресми деректемелерін тексеру маңызды. Күмәнді ұсыныстар немесе алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарласу қажет.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Су тасқынынан зардап шеккендерге Жұбанов университеті студенттерінен қандай көмек тиіп жатыр?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *